Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 23 Желтоқсан, 2021

АҚШ Президенті омикрон штамымен күресу жоспарын ұсынды

АҚШ Президенті Джо Байден күннен күнге өршіп бара жатқан омикронмен күресудің жаңа жоспарын ұсынды. Ақ үй басшысының айтуынша, үш негізгі бағыт қамтылмай, эпид ахуал оңалмайды. Байден қосымша 10 мың тестілеу орталығын ашып, үйде тапсыруға болатын 500 миллион ковид арналған тест сатып алуды, ауруханаларға қосымша бір мыңға жуық жұмыс күшін тартуды тапсырды. Демократ халық арасында дүрбелең салмауға шақырып, бустер екпесін алудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде ковид вакцинасының бустерін тіпті АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың өзі де алғанын тілге тиек етті. Осы орайда денсаулық сақтау саласының мамандары 330 миллион америкалықтың 62 миллионы ғана бустер екпесін салдырғанын мәлімдеді. Ал АҚШ-тағы жаңа науқастардың 73 проценті омикрон жұқтырғандар.

Джо Байден, АҚШ Президенті: - Халықтың көкейінде  2020 жылдың наурыз айындағы жағдай қайталануы мүмкін бе деген сұрақ тұр. Уайымдамаңыздар,қайталанбайды! Себебі қазір біздің қолымызда вакцина бар, ал ол кезде болмаған еді. Сондықтан екпе салдыруды кейінге қалдырмаңзыдар. Балаларыңызды да қорғаңыздар. Осы уақытқа дейін 5 пен 11 жас аралығындағы 6 миллион бала екпе алып үлгірді.

638 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз