Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 30 Желтоқсан, 2021

Нью-Йоркте бір тəулікте 67 мың адам коронавирусқа шалдыққан

Нью-Йорк штатында COVID-19 ауруы бойынша жаңа антирекорд тіркелді - бір тәулікте 67 мың жағдай анықталып, бұл көрсеткіш кешегіден 64%-ға жоғары болды. Бұл туралы сәрсенбі күні штат губернаторы Кэти Хокул мәлім етті, деп хабарлады The Hill газеті.  Хокул штат тұрғындарын COVID-19 таралуға қарсы күрес шараларын ұстануға шақырды. Өткен тәулікте штатта жасалған 362 500-ден астам ковид-тестінің 18,5%-ы оң нәтиже көрсетті, деп хабарлады ол.

Штат билігі өткен тәулікте COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқандардың 10%-ға (шамамен 6,7 мың жағдайға дейін) өскенін және COVID-19 асқынуынан 97 адамның көз жұмғанын мәлім етті.

Бұл соңғы бірнеше айдағы рекордтық көрсеткіш. Хокул штат қызметтері мен ведомство басшыларын «қаңтарда аурудың асқынуына дайын болуға» шақырды

 

598 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз