Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 31 Желтоқсан, 2021

Бейжіңде 1 қаңтардан бастап пиротехника қолдануға тыйым салынды

Қытай астанасының әкімшілігі 1 қаңтардан бастап қала аумағында отшашу мен басқа да пиротехниканы қолдануға тыйым салды. Бұл туралы жұма күні «Синьцзинбао» газеті мәлім етті.

Басылымның нақтылауынша, аталған ереже жаңажылдық мереке күндері де қолданылады. Бейжіңде енді пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға болатын сауда орындары болмайды.

Бұл ережелерді бұзған азаматтарға айыппұл салынады. Басылым ақпаратына сәйкес, Қытайда енді отшашуға жалпыұлттық және қалалық деңгейдегі шараларды өткізу кезінде үкіметтің арнайы өкімімен ғана рұқсат етіледі. Дегенмен ереженің Бейжіңнің шығыс бөлігінде қыркүйекте ашылған Universal Beijing Resort демалыс саябағындағы ойын-сауық шоуына ғана қатысы жоқ.

 

557 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз