Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 31 Желтоқсан, 2021

Психологиялық тест. Жаңа жылды қалай қарсы алған дұрыс?

4 суреттің қайсысы жаныңызға жақын?  Мұқият қараңыз. Психологиялық тест:  Суретке қарап, өзіңді таны.

1. Камин пеші

Егер камин пеші бейнеленген сурет ұнаса, сізге Жаңа жылды          у-шусыз, тыныштықта қарсы алған ұнайды. Сіздің ішкі жан-дүниеңіз шаттыққа толы. Сіз үшін маңыздысы да осы.

Жаңа жақсы кітап, хош иіс аңқыған шәй, мазмұнын жаттап алған бірақ көруге жалықпайтын кино - сіздің жаныңызды рахатқа бөлейді. Сіз Жаңа жылды танымайтын адамдармен қарсы алғанды құп көрмейсіз. Даңғаза шудан тез шаршайсыз. 

Сондықтан көпшілік ортада болуға тура келсе, бас тартып, тек жүрегіңіз не қалайды, жаныңызға не жайлы, соны ғана таңдаңыз. Барлық жақсылық өзіңізге қалай қарым-қатынас жасауыңыздан басталады! Мереке сізге қуаныш сыйласын! 

2. Автокөлік

Егер автокөлікті таңдасаңыз, демек сіз күтпеген жерден әлдебір ғажап хикаяларға тап болғанды ұнататын жансыз. Жаңа жыл түні таңғажайып оқиға болса деп күтесіз. Бірақ ол үшін айналаңызда  сіз сияқты адамдардың болғаны дұрыс. Егер көзқарасы ұқсас адамдармен бірге қарсы алсаңыз, бұл ұмтылмайтын Жаңа жыл болары сөзсіз! 

Сіз жаңа таныстықты, көпшілік ортаны жақсы көресіз. Ештеңені алдын ала жоспарлап, ойланып-толғанып жүрмейсіз. Мәселен, саяхатқа шыққыңыз келсе, 31 желтоқсан күні қай бағытқа билет табылады, чемоданыңызды жинап, шығып кетуге әзірсіз. 

3. Мысықтар

Егер сіз сүйкімді мысықтарды таңдасаңыз, Жаңа жылды отбасы жанында қарсы алғанды ұнататын жансыз. 

Жаңа жыл - балалық шақты еске салатын жалғыз сиқырлы, ғажайып мейрам. Бұл түні сіз балалық шаққа саяхаттап, отбасыңызға мейіріміңізді молынан төгіп, сыйлықтар сыйлап, сыйлықтар алып, жүрегіңіз шаттыққа бөленеді. 

Сіз Жаңа жылда тілеген тілектер қабыл болады деген сеніммен өмір сүретін жансыз. Сеніміңіз сізді алдамайды. Дәстүрлі мерекелік дастархан басында отбасыңызбен сырласып, қызықты оқиғаларды еске алып емен-жарқын отыру сізге бақыт сыйлайды. 

4.Гүл

Егер гүлдің суреті ұнаса, сіз көптен бері демалысты армандап жүрген жансыз. Сондай-ақ Жаңа жыл мерекесі ерекше оқиғамен есте қалса екен деген ойдасыз. Мерекені мейрамхана, кафеде көңілді әрі шулы ортада қарсы алғыңыз келеді. 

Сіздің мерекелік көңіл-күйіңіз айналаңыздағы адамдарға байланысты. Әдемі безендірілген бөлме, әдемі киінген адамдар, жоғары талғаммен жасалған дастархан, тіпті шампан құйылған фужерлер - бәрі-бәрі сіздің мерекелік көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына әсер етеді. Сұлулықты жақсы көресіз. 

Егер мейрамханада қарсы алудың сәті түспесе, үйді осылай безендіріп, әдемі костюміңізді киіп, дастарханды жайнатып қарсы алсаңыз әсері ерекше болады. 

Жаңа жыл барлығыңызға құтты болсын

 

 

Аударма

 

1609 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз