Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 01 Қаңтар, 2022

Германияда үш атом электр станциясы жабылады

Бұл атом қуатынан бас тартуға бағытталған жалпыұлттық бағдарлама аясында қабылданған шешім, деп хабарлайды Хабар 24. Германия осыдан 10 жыл бұрын атом электр станцияларынан бас тартуға шешім қабылдады. Фукусимадағы апаттан кейін энергетикалық саясатын осылайша күрт өзгерткен еді. Апаттан кейін үш күн өткен соң Ангела Меркель елдегі атом электр станциялардың қолдану мерзімін ұзарту шешімінің күшін жойды.

Ядролық физика мамандығын оқыған канцлер одан келер қауіпті жақсы біледі. Ал үш айдан кейін парламент елдегі барлық атом электр станциясын жабамыз деп шешті.

Вольфганг Кропп, энергетикалық компания президенті: – Бұл шешімді бұрынғы үкімет қабылдаған. Германия өте тығыз қоныстанған ел. Сондықтан атом электр станциясында апат болса, салдары тым ауыр болуы мүмкін. Германия осындай мақсат қойса, атом қуатынсыз-ақ өзін баламалы энергиямен қамти алады деп санаймын.

2011 жылы үкімет атом қуатынан біртіндеп бас тарту бағдарламасын іске қосты. Ол кезде елде 22 атом электр станцисы жұмыс істейтін. Қазір алтауы қалды. Жартысын жылдың аяғына дейін, ал қалған үшеуін келер жылдың аяғына дейін жабуы тиіс. Ендігі мақсат баламалы энергияға тездетіп ауысу. 

Вольфганг Кропп, энергетикалық компания президенті: – Германия 2045 жылға дейін жаңартылатын қуат көздеріне көшу секілді үлкен мақсат қойып отыр. Тек халықты ғана емес, бүкіл өндірісті таза энергиямен қамту керек. Бұл үшін сутегі қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар Германияның жел электр станциялары бар. Бірақ бұл тұрғыдан мүмкіндігіміз шектеулі. Қазақстанға қарағанда жер көлемі едәуір аз болғанымен, халық саны төрт есе көп.

Германия 2038 жылға дейін көмір жағатын барлық электр станциялардың жұмысын тоқтатпақ. Алайда жаңа үкімет оларды бұл мерзімнен 8 жыл ерте жабуды ұсынды. 

611 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз