Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 01 Қаңтар, 2022

Польша ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдады

Польша Швециядан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалықты қабылдап алды. 1 қаңтардан бастап республика 57 ел мүше халықаралық ұйымның үйлестірушісі қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Польшаның премьер-министрі Матеуша Моравецкогоның айтуынша, республика билігі әлемнің осы бөлігіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қолдан келгенін жасап, қауіп төнген жағдайда ЕО мен НАТО-ға жүгінетін болады.

Бұдан ертерек елдің сыртқы істер министрі Збигнев Рау ЕҚЫҰ аумағындағы жанжал мен дағдарыстарды шешу бойынша жоспарларымен бөліскен еді. Польша төрағалығының толық бағдарламасы қаңтар айында Венада ұсынылмақ.

1385 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз