Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 02 Қаңтар, 2022

Иран КВИ-ге қарсы Нора вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңін бастады

Иранда коронавирусқа қарсы «Нора» вакцинасы сынақтарының үшінші кезеңі Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Хосейн Салами мен Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрі Бахрам Ейноллахидің қатысуымен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Иранның ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Нора вакцинасының үшінші клиникалық кезеңі жексенбіде генерал Хосейн Салами мен Бахрам Ейноллахидің және денсаулық сақтау, медициналық білім министрлігінің лауазымды тұлғаларының қатысуымен басталды.

Бұл шарада Хосейн Саламиге ковидке қарсы екпенің үшінші дозасы салынды.

Нора вакцинасы өзінің клиникалық кезеңдерінде 90% тиімділікпен ковид вакцинасын енгізудің үшінші кезеңінде қолдануға болатындығын дәлелдеді, дейді шенеуніктер.

546 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз