Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 02 Қаңтар, 2022

ДДҰ басшысы: Вакцина әлем елдеріне әділ әрі теңдей таратылса, пандемия аяқталуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлем елдері вакциналарды тарату кезіндегі әділетсіздік пен теңсіздіктерді жойса, 2022 жыл коронавирустық пандемияның соңғы жылы болуы мүмкін деп мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сайтына сілтеме жасап.

Гебрейесус өзінің жаңа жылдық жолдауында «Омикрон» ковидінің жаңа нұсқасының пайда болу себебін асыра ұлтшылдық пен кейбір елдердегі вакциналардың артық қорымен байланыстырды. ДДҰ жақында өз азаматтарына үшінші екпе алуды ұсынған әлемнің бай елдерін бірнеше рет сынға алды, ал көптеген аймақтарда халықтың айтарлықтай бөлігі вакцинаның алғашқы дозасын да алмаған. ДДҰ басшысының пікірінше, әділдік қағидаты неғұрлым ұзақ бұзылса, біз алдын - ала болжай да алмайтын вирустың одан әрі өзгеру қаупі соғұрлым жоғары болмақ. Сарапшылардың пікірінше, вирустың жаңа мутациясы оның белсенді таралуы жағдайында, әлемнің әртүрлі елдерінде көбірек адамдар жұқтырған кезде пайда болады. «Омикронның» өршуі әлемде аурудың күрт өсуіне әкелді, бірақ алдын-ала мәліметтер бойынша әлем бойынша жұқтырған адамдар ауруханаларда аз кездеседі.

 

1095 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз