Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 04 Қаңтар, 2022

Туристер мінген автобус жол апатына ұшырады

Беларусьтің Лиозное ауданында жол апатына ұшыраған автобуста зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр. 

 Дәрігерлердің айтуынша, 5 жолаушының жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды БЕЛТА.

Хабарланғандай, кеше күндіз Лиозное ауданында М8 тас жолында туристік автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі басқа көлікті басып озбақ болғанда қарсы жолаққа шығып, экскурсиялық автобусқа соғылған. Автобус аударылып қалған.

Жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, автобус жолаушылары мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер арасында 2018 жылғы бір бала бар, оның жағдайы жақсы.

Автобуста 42 адам болған, соның ішінде 40-ы – экскурсияға келген Ресей азаматтары. Дәрігердің көмегі бәріне қажет болды. Қазір зардап шегушілер Витеб облыстық клиникалық ауруханасында жатыр. Бесеуінің омыртқасы сынып, ауыр халде. 18 пациенттің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалады. Қалғаны жеңіл жарақат алған. Кейбіріне психологтың көмек берген.

279 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *