Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қаңтар, 2022

Алматыда 12 қаңтарда барлық автобус маршруттары іске қосылады

12 қаңтардан бастап Алматыда барлық маршрут, оның ішінде қала маңы маршруттары да жолға шығады.

Төтенше жағдайға байланысты жұмыс кестесі қалалық маршруттар үшін таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, ал қала маңы маршруттары таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс демалыс күндердің кестесімен жүргізілетіндіктен, жүріс интервалы 30-40 минут. Бүгін қала көшелеріне 41 бағыт бойынша 500-ден астам автобус шықты.

Мына автобус бағдарлары жолаушы тасымалдап жатыр: 34, 118, 38, 38а, 205, 206, 16, 11, 128, 141, 65, 56, 63, 63а, 77, 79, 92, 2, 12, 55, 32, 5, 5а, 86, 59, 44, 119, 4, 95, 8, 98, 18, 19, 99, 7, 57, 112, 126, 60, 22, 62. Бүгін қоғамдық көлік 20-30 минутта бір жүреді.

Фото: Досжан Балабекұлы 

1113 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз