Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 11 Қаңтар, 2022

"Эйр Астана" Шри-Ланка, Пхукет, Мале және Гоаға репатриациялық рейстер орындайды

Шетелде қалып қойған қазақстандық туристерді елге жеткізу шаралары жалғасып жатыр. Осылайша, 11 қаңтарда Шри-Ланка, Пхукет, Гоа және Маледен репатриациялық рейстер жоспарланған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Қазақстандық "Эйр Астана" әуекомпаниясы алдағы уақытқа репатриациялық рейстер тізімін жариялады. Бүгін, 11 қаңтарда, қазақстандық туристер Нұр-Сұлтанға үш ұшақпен келеді:

- Пхукеттен, Таиланд, шамамен 18:00-де

- Мале қаласынан, Мальдив аралдары, шамамен түнгі екіде;

- Шри-Ланка астанасы Коломбодан, шамамен түнгі 02:40-та ұшып келеді. Коломбодан елордамызға тағы бір рейс 12 қаңтарға жоспарланған;

Сондай-ақ, 12 және 13 қаңтарда Гоадан Нұр-Сұлтанға және Шымкентке рейстер жоспарланған. 

"Эйр Астаны" call-centre +77027024477, +77172584477 нөмірлері 24/7 режимінде жұмыс істейді. Сайттағы live chat интернет бар уақытта толық жұмыс істейді. 

Айта кетейік, алматылық әуежайдың уақытша жабылуына байланысты рейстердің біршама бөлігі Шымкентке және елордаға бағытталды. "Туристік Қамқор" мәлімітенше, шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды.

234 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *