Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қаңтар, 2022

Қазақстанның жаңа даму кезеңі - студент

Ең ауыр күндер тізбегі аяқталып, «Жаңа Қазақстанның» тыныс-тіршілігі жанданып келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полицей қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және де қолдау көрсеткен барша қазақ халқына өз алғысын білдірді.

Бір сағаттық мәлімдемені ұйып тыңдадым. Президентіміз өзекті мәселелерді көтеріп, алдағы уақытта оның орындалуын тапсырды. Бірнешеуіне тоқтала кетсем: жастарға жаңа жұмыс орындары ашылмақ; техникалық мамандықтарға басымдық беріледі; 5 жаңа жоғарғы оқу орны ашылады (оның екеуі батыс аймақта); Атамекен гранты (бизнес бастауға) 400 АЕК 1 166 800 теңгеге дейін өседі. Президент: бұл Қазақстанның жаңа даму кезеңі болады деп сөзін аяқтады. Мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға деген білім-ғылым жөніндегі бастамаларын қолдаймын! Еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қосуға дайынмын. Күшіміз бірлікте!

Бақдәулет Ертуғанов, 
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2-курс студенті

501 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз