Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Қаңтар, 2022

Аманжол Бектемесов: Заман талабына сай мамандарды дайындау мәселесі айтылды

ҚР Парламент мәжілісінде президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына айтылған үндеуін барлық тармақтары бойынша қолдаймын. Атап айтқанда, елімізде білім беруді дамыту және өнеркәсіптік секторларды қолдау міндеті айтылды. Менің ойымша, ҚР-да білім беру толығымен реформаланатын болады. Осылайша, біз елдің білімі мен білім беру мәселесін түбегейлі шешеміз. Мемлекет басшысы елімізде қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту жөнінде міндет қоя отырып, кадрлық әлеуетті де көздеу маңыздылығына тоқталды. Заман талабына сай мамандарды дайындау мәселесі айтылды. Бүгінде цифрлық дәуір кезеңінде осы саладағы отандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың уақыты келді. Бұл әсіресе осы салада кадрлар даярлайтын біздерге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасы бұл жолда жаңашылдық пен сапалы қызмет етуге дайын.

655 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз