Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Қаңтар, 2022

Бизнеске келтірілген шығын 103,7 млрд теңгеден асты

12 қаңтардағы жағдай бойынша, елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

«Байланыс орталығына 4 833 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдің 11 өңірінде 1615 бизнес субъекті зардап шеккені анықталғанын, соның ішінде Алматы қаласында 1506 субъект бүлінгенін мәлімдейді.

«Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482; қоғамдық тамақтану – 44; қаржы секторы – 61; логистика – 23; БАҚ – 5.

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге)» делінген хабарламада.

Айат кетейік, мына өңірлерде кәсіпкерлік нысандары жапа шеккен:

1) Алматы қаласы

2) Алматы облысы

3) Шымкент қаласы

4) Жамбыл облысы

5) ШҚО

6) Қызылорда облысы

7) Атырау облысы

8) Қарағанды облысы

9) Павлодар облысы

10) Маңғыстау облысы (қосылған аймақ)

11) Ақтөбе облысы (қосылған аймақ)

341 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз