Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Қаңтар, 2022

Қ.Тоқаев Алматыдағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына барды

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында болды, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Травматология бөліміндегі палаталарды аралап көріп, террорлық акті кезінде зардап шеккен азаматтармен әңгімелесті. Президент жараланғандардың хал-жағдайларын сұрап, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ дәрігерлермен сөйлесті.

Күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне көмек көрсетіледі. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты медициналық көмек көрсетілген.


 

618 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз