Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 13 Қаңтар, 2022

Уайымнан арылу жолы

Уайымға беріліп отырсың ба?

Олай болса, уайым-қайғыңа қарай тіпті тереңдеп бойла.

Ұмытатын амал,  қашып құтылатын тесік іздеме.

Дос-жаран, театр, кино, анау-мынау нәрсемен өзіңді алдама

Қашудың орнына қайғы-мұңыңмен бетпе бет жолық.

Көзіңді жұмып отырып, оны бақыла.

Ұрыспай-тиіспей жай ғана бақыла. Оны теріске шығарсаң қайғы-мұңыңды толығымен тани алмайсың.

Егер ол бұлт болатын  болса, гүл болатын болса сен қалай көрмексің?

Дәл сол секілді қара.

Қараған сайын сен тереңіне бойлайсың.

Тереңіне бойлаған сайын қайғы- мұң буланып  жоғала бастайды.

Шынымен таңқаларлық.

Уайымнан қорқып қашқан кезде біртүрлі ауыр, қараңғылық басып тұратындай сезіледі.

Бірақ бетпе-бет жолығып сөйлескенде буланып ұшып кетеді.

Қайғының булануы үлкен қуаныш пен бақыт болмақ. Сен қуаныш пен бақытты сырттан кіргізіп келіп, сүмірейген уайымды қуып шығамын деп  ойлайсың.

Олай емес.

Қуаныш пен бақыт дегеніміз қайғы мен уайымның аржағында жасырынып тұрады.

Сен уайымыңа қарай тереңдеп  сүңги  алатын болсаң,  бақыттың  бастауын  сол  жерден табасың!

 

Амантай Тойшыбайұлы

 

1571 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз