Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қаңтар, 2022

Алматы облысында 300 орынға дейінгі мектептер офлайн оқиды

Алматы облысында 17 қаңтардан бастап 300 орынға дейінгі мектептер штаттық режимде жұмыс істейді. Оқушы орны 300-ден жоғары мектептерде оқыту онлайн режимде жүргізіледі, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

«Балабақшалар 17 қаңтарға дейін жұмысын уақытша тоқтатты. 17 қаңтардан кейін ата-аналардың өтініші бойынша қызмет көрсетеді. Талдықорған қаласында ірі және шағын сауда орындары мен базарлар, дәріханалар ашық (сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін). Азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткілікті.

«Жедел жәрдем» қызметі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Жанар-жағар май құю бекеттері ашық. Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісті (сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін) Екінші деңгейлі банктер іске кірісті.

Банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті» делінген ведомствоның Фейсбук парақшасында.

233 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз