Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Қаңтар, 2022

Алматыда дүкен тонағандар Атырауда ұсталды

Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қаңтарда «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексерген.

Жолаушылардың сөмкелерін тексеру кезінде Ақтау қаласының 3 тұрғынынан Алматы қаласындағы Mon Amie дүкенінің тауарлары табылды. Бұл – 30 дана әтір суы, 55 дана косметикалық бұйым. Тексеру іс-шарасы теміржолдың күзет фирмасы мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірге жүзеге асырылды. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлімінің 3) тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мейірбек Өтеғали.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіден атыс қаруы тәркіленгенін хабарланған болатын.

 

704 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз