Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 14 Қаңтар, 2022

Екі қазақстандық боксшы IBF рейтингінен шығып қалды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санатындағы боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшылардың позициялары туралы:

Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы төртінші орнын сақтап қалды. Алғашқы екі позиция бос, үшінші орында – ресейлік Евгений Шведенко. Бұл дивизиондағы IBF әлем чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес.

Орта салмақта әлем чемпионы атағы Геннадий Головкинге тиесілі. Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы орнында қалды, ал Мейірім Нұрсұлтанов 12-ші орыннан 13-ші орынға төмен түсті, ал 14-ші орында болған Қанат Ислам рейтингке ілінбей қалды. Үздік 15-тің ішінде бірінші орында – бразилиялық боксшы Эскива Фалькао, екінші орын бос, үшінші орында – неміс Патрик Войцицки.

Жартылай орта салмақта өткен айда 13-ші орында болған Данияр Елеусінов те рейтингке ілінбеді. Бұл дивизионда әлем чемпионы – америкалық Эррол Спенс, алғашқы екі позиция бос, ал үшінші орында – оның отандасы Джарон Эннис.

 

658 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз