Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Қаңтар, 2022

БҚО-да боран салдарынан Саратов бағытындағы жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы БҚО филиалының мәліметі бойынша бүгін жергілікті сағат 14.30-дан бастап Орал-Саратов (4-104 км, Оралдан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі – күшті боран, жолдың дұрыс көрінбеуі. Бұл туралы БҚО ТЖ департаменті хабарлап, ескерту жарияланғанын жеткізді.

Кеше өңірде 14 қаңтар күні боран мен көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге, облыстың солтүстік бөлігінде 30 метрге жетуі ықтимал екендігі хабарланған болатын.

 

inform.kz


 

1007 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз