Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Қаңтар, 2022

Алматы əкімі кəсібі зардап шеккен кəсіпкерлермен кездесті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тоналған сауда, қоғамдық тамақтану нысандарын аралады. Қала әкімі «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйін аралап көрді, мұнда 576 витрина сөресі қираған. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жалға алу ақысын беру тоқтатылды. Қала әкімі тәртіпсіздік салдарынан кәсіптері зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті.

Кәсіпкерлермен кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев шағын және орта бизнестің барлық шығындары өтелетінін, сауда залдары қалпына келтірілетінін айтты. Тек ол үшін Үкімет дайындап жатқан механизмнің анықталуын күту керек. Зардап шеккен кәсіпкерлердің өтініштерін уақтылы пысықтау үшін полиция департаментіне кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдауды ұйымдастыруды тапсырды.

Осы орайда «Атамекен» ҰКП консультативтік көмек көрсетуде. Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ, «Мобилка», «Планета электроники» сауда үйлерін, «Қорған» қару-жарақ дүкенін, «Соломон» спорт тауарлары дүкенін және Қ.Сәтбаев көшесіндегі қоғамдық тамақтану нысандарын аралады.

Барлық дерлік нысандарда бүлікшілер бейнебақылау жүйелерін әдейі істен шығарған. Тонаушылар ең құнды заттарды алып кеткен нысандарды өртеген, ал жоғарыда тұратын пәтер иелері өртті сөндіруге көмектескен.

 

inform.kz

 

771 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз