Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 14 Қаңтар, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болмаса жазаны жеңілдеткен жөн

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде құқық бұзған адамдар жазаланатынын айтты.

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырды. «Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн» деп атап өтті Президент.

 

241 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз