Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Қаңтар, 2022

Гүлмира Дайрабаева Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы болды

Танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева ҚР Қаржы министрінің баспасөз хатшысы және ведомствоның байланыс департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақтілді телекөрермендерге «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы танылған Гүлмира Дайрабаева ҚР Қаржы министрінің баспасөз хатшысы және ведомствоның байланыс департаментінің директоры қызметтерін қатар атқарады.

Гүлмира Дайрабаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ѕорһіа-Antipolis атындағы шетелдіктерге арналған институттың, Францияның, USC Sol Price School of Public Policy, Оңтүстік Калифорния университетінің, АҚШ-тың, мемлекеттік саясат және басқару академиясының түлегі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері.

Мемлекеттік саясат және басқару магистрі. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Ақпарат саласының үздігі» сияқты марапат-атақтары бар.

«Қазақстан» терерадио кешенінде таңғы «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі болып, кейін таңғы бағдарламалар департаментін басқарды. Сондай-ақ «Хабар» агенттігінде, «НТК» және «ОРТ Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеді. CIFAP Халықаралық Ұйымының жанындағы Францияның «FRANCE-3» мемлекеттік арнасында халықаралық аудиовизуалды тағылымдамадан өтті.

«Сырға» қазақ-француз телешоуын тікелей эфирде жүргізді. Қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін және Sign language (саңыраулар тілін) меңгерген.

 

1132 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз