Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қаңтар, 2022

Бас Прокуратура Төтенше жағдай кезінде қаза болғандардың жалпы санын атады

Елімізде енгізілген Төтенше жағдай кезінде қайтыс болғандардың жалпы саны белгілі болды.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қазақ тапқан 225 адам жеткізілді», - деді Бас прокуратура өкілі.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардың басшыларымен кеңес өткізіп , Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу қажеттігін айтқан болатын.

864 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз