Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 16 Қаңтар, 2022

Психологиялық тест. Суретке қарап, өзіңді таны

Жауаптарды оқымай тұрып, көп ойланбастан біреуін таңдаңыз.  Жаныңызға жақыны қайсысы? 

1-сурет

Кеңес кезеңіндегі тиынды таңдағаныңыз - мақсатқа жету үшін өте көп тер төгуге дағдыланғаныңыздың белгісі. Сіздікі – нағыз адал еңбек. Шектен тыс жұмыс істейсіз, бірақ оны еш міндетсімейсіз. Көп ақша табу үшін тек аянбай күш салу керек деп есептейсіз. Қолда барына шүкір етіп отырасыз, үйреншікті жұмысыңыздан қол үзгіңіз келмейді. Мұндай адамдардың орташа табысы бар, соны қанағат тұтады. Егер табысыңыз артсын десеңіз, қара жұмысқа жегіліп еңбектенетіндер ғана миллиондап табады деген түсініктен арылыңыз. Тәулігіне жиырма сағат жұмыс істеген де, тек төрт сағат жұмыс істеген де бірдей табыс табуы мүмкін. Сондықтан өзіңіз үшін көп табыс не үшін керек, соны анықтап алыңыз.

2-сурет

Жақын арада ойламаған жерде мол табысқа кенелесіз. Тағдырдың сыйынан бас тартпай, бар мүмкіндікті пайдаланыңыз. Береке -байлық адал еңбекпен келетінін ұмытпаңыз.  

3-сурет

Қаражатыңыз мол болуы үшін көп жұмыс істеу керек екенін жақсы білесіз. Бұл ойыңызға әрекетіңіз де дәлел. Жасаған жұмысыңызға лайық марапат алуға дағдыланғансыз. Алдағы уақытта табысыңыз еселенеді. Алайда ол еңбек майданында демалыссыз шапқылай беру керек деген сөз емес.

4-сурет

Қомақты қаржыға кенелуге дайын болыңыз. Өзіңіздің жай ғана табыс магниті екеніңізді түсінесіз. Жолыңыз болып лоторея ұтуыңыз мүмкін немесе кездейсоқ мол мұраның иесі боп шығуыңыз да ықтимал. Не болса да тағдырдың тамаша тартуынан бас тартпаңыз.

 

Ғаламтордан.

 

1610 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз