Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 17 Қаңтар, 2022

Өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі

Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2021 жылғы IV тоқсанда сол жылдың III тоқсанымен салыстырғанда өндіріс көлемінің және дайын өнiмге сұраныстың сол деңгейде қалғанын белгіледі.

Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі 1%-ды құрады.

Алдағы уақытта өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының ой-пікірлері бойынша ағымдағы уақытпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметінің жақсаруы күтіледі.

2021 жылғы IV тоқсанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша тұтынушылар сұранысы мен іскерлік белсенділігі III тоқсанмен салыстырғанда азайды.

2021 жылғы IV тоқсанда сұралған сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі (-4%) құрады.

Сауда кәсіпорындарының 65% -ы өздерінің қаржы-шаруашылық қызметі ағымдағы уақытпен салыстырғанда өзгеріссіз қалуы мүмкін десе, 11%-ы жақсаруына үмітті. Ал  13% -ы өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауы ықтимал дейді. 

Өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан сұраныс деңгейін бағалау және дайын өнімнің қоры (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ өндіріс көлемінің болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.

Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан экономикалық жағдай деңгейін бағалау мен қоймадағы қорлар (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ экономикалық жағдайдың болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі. Зерттеліп отырған кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сол немесе өзге көрсеткішінің «өсуін» және «кемуін» атап өткен респонденттердің пайыздық үлесінің айырмашылығы баланс деп ұғынылады.

www.stat.gov.kz 

1571 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз