Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 18 Қаңтар, 2022

Нұрсұлтан Назарбаев: Құрметті демалыстамын, ешқайда кеткен жоқпын

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ешқайда кетпегенін, ел астанасында екенін айтты.

«Маған келіп жатқан көптеген өтініштерге жауап бере отырып және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға байланысты айтарым мынау. Мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенімді, сол уақыттан бері зейнеткер екенімді, қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында құрметті демалыста екенімді және ешқайда кетпегенімді хабарлаймын», - деді ол халыққа жасаған бейнеүндеуінде. 

Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің тізгіні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында екенін еске салады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық билікке ие. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада Президент «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитаның ішінде ешқандай жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл төңіректегі қауесеттер мүлдем негізсіз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

870 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз