- Шартарап
- 18 Қаңтар, 2022
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының билеттері көпшілікке сатылмайды

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына билеттер коронавирустың таралуына байланысты көпшілікке сатылмайды, деп хабарлады ұйымдастыру комитеті. Билеттер «нысаналы топқа» ғана қолжетімді болады, дегенмен әзірге толық ақпарат жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Абу-Даби БАӘ астанасына келушілерден COVID-19 ревакцинасынан өткендігін растайтын құжатты ұсынуды талап етеді. Жаңа ережелер «омикрон» штамының таралуынан туындаған COVID-19 ауруының күрт өсуіне байланысты қабылданды.
Оңтүстік Африка астанасындағы Претория хайуанаттар бағындағы арыстандар мен пумалар пандемия кезінде коронавирустың ауыр түрлерімен ауырды.
Коронавирусты жануарлар вирустың асимптоматикалық түріне шалдыққан саябақ жұмысшыларынан жұқтырды. Зерттеушілердің пікірінше, жануарлар коронавирустың жаңа штамдары пайда болуы үшін резервуар бола алады.

648 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *