Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 19 Қаңтар, 2022

ДДСҰ омикроннан кейін пандемияның аяқталатыны туралы қауесетті жоққа шығарды

Омикрон - COVID-19-дың соңғы нұсқасы және одан кейін пандемия аяқталатыны туралы қауесет шындыққа жанаспайды. Қазіргі таралу деңгейінде бір нәрсе айтуға ерте. Бұл туралы 18 қаңтар күні журналистер сұрақтарына жауап берген ДДСҰ өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сай, соңғы аптада COVID-19 жұқтыру жағдайлары 20% көбейген – өткен жеті күнде 19 миллион адам вирус жұқтырған.

ДДСҰ бұл көрсеткіштің тек ресми тіркелген жағдайлар екенін еске салады, шын мәнінде вирус жұқтырғандар саны одан едәуір көп болуы мүмкін. Өлім көрсеткіші өзгеріссіз қалды, 45 мың адам вирустан көз жұмды.

«Кей елдерде аурудың ең қауіпті кезеңі өткен болуы мүмкін, алайды бұл тек үміт береді. Ешқандай ел қауіп толығымен сейілді деп айта алмайды», - деді ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Гебрейесус. Оның айтуынша, омикрон инфекцияның аса ауыр емес формасы болуы мүмкін, алайда оны қауіпсіз деп санау – қателік.


 

846 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз