Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 19 Қаңтар, 2022

Мемлекеттік хатшы: Лаңкестерге қарсы операция режимі бірқатар өңірде сақталады

Еліміздің бірқатар өңірінде лаңкестерге қарсы операция режимі сақталады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік хатшы «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында еліміздің аумағында орын алған оқиғаларға қатысты арнаулы қызметтер мен құқық қорғау органдар өте ауқымды құжаттар мен материалдарды өңдеуі қажеттігін айтады. 

«Бұл әрине, нақты бір күш-жігерді талап етеді. Бұған қоса, арнаулы қызметтер радикалды ұяшықтарды, терроршыларды анықтау және ұстауға бағытталған іс-шараларды жалғастырып жатыр. Сондықтан төтенше жағдай режимі алынғанымен лаңкестерге қарсы операция режимі бірқатар өңірде сақталады. Бұл арнаулы қызметтердің аталған қатерге үлкен мән беретіндігін, сол қатердің көздерін анықтап, жою жалғасатындығын білдіреді», - деді Ерлан Қарин.

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз