Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 20 Қаңтар, 2022

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы бақылауда

Маңғыстау облысының қоғам белсенділері бағаны өздері бақылайтын болды. Аймақ басшысы әр аудан-қалада халықтық бақылау штабтары мен Сall-орталықтар құруды тапсырды. Сондай-ақ әлеуметке қажетті тамақ сататын бөлшек әрі көтерме сауда ұйымдарын меморандумға отыруға шақырды. Әкімнің айтуынша, биыл осындай сауда орындарының саны артады. Тақауда азық-түлік бағасы тым жоғары дүкендердің жабылатыны туралы хабарлама әлеуметтік желілерге тарап кеткен еді. Алайда, жауапты мамандар бұл мәліметті жоққа шығарды. Бір айтары, Маңғыстау өңіріне азық-түліктің 80 проценті өзге аймақтар мен шетелден жеткізіледі.
Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі: – Аудандардың, қалалардың әкімдеріне тапсырамын. Бұрындары кәсіпкерлік басқармасы ғана осы мәселемен айналысқан болса, қазір барлығымыз ықпал етуіміз керек. Тауардың біздің облысқа келгеннен бері тұтынушыға жеткенге дейін бақылау жүргізу керек.

www.24.kz

606 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз