Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 20 Қаңтар, 2022

Түркістан облысында қар құрсауынан 26 адам құтқарылды

Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні «112» қызметіне Созақ ауданында қар құрсауында қалып қойған азаматтар туралы хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оқиға Шолаққорған ауылынан 70 шақырым жердегі «Ұланбел-Созақ-Екпінді» автожолында орын алған. Шұғыл әрекеттің арқасында төтеншеліктер 26 жолаушы мен 1 баланы құтқарды.

Олар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінен 10 қызметкер, 1 бірлік техникасы, облыстық полиция департаментінен 8 қызметкер, 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Созақ ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ұланбел-Созақ-Екпінді» облыстық маңызы бар автожолының 577-642 шақырым жері жабылған болатын. Түркістан облысының ТЖД азаматтарды дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, сақтық шараларын сақтауға шақырады.

727 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз