Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 20 Қаңтар, 2022

Несиені кешіру мен кейінге қалдыру шаралары қай санатта қолданылмайды?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейінгі қолдау шаралары көрсетілмейтін санаттарды атады.

«Қарызды кешіру немесе қосымша көмек көрсету бойынша барлық мәселелер жеке-жеке жүргізілетін болады. Егер адам белсенді қатысып, құқық қорғау органдары мен сот оны тәртіпсіздіктерге кінәлі деп таныса, әрине, бұл қолдау шаралары оларға қолданылмайды», - деп түсіндірді Александр Терентьев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, Ішкі істер министрлігі әскерилер мен қызметкерлерінің тізімін жасады, олар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. «Қазіргі уақытта заңсыз іс-әрекеттерге қатысы жоқ жеке тұлғалар тізімдерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге пысықтап жатырмыз және олар бойынша да әскери қызметшілер мен ішкі істер қызметкерлері үшін көзделген шаралар жүргізіледі», - деп атап өтті А. Терентьев.

 

399 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз