Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 20 Қаңтар, 2022

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері коронавирус жұқтырды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака бүгінгі Еуропа чемпионаты финалдық сатысындағы Словениямен өтетін кездесуіне қатыспайды. Коронавирус жұқтырып алған бапкер құрама ойынын онлайн басқарады. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Каканың бүгінгі кездесуге қатыса алмайтыны белгілі болды. Оның міндетін көмекшісі Сергей Коридзе атқарады. Бас бапкерден бөлек бүгінгі кездесуге бірқатар ойыншылар қатыса алмайды. Дәурен Тұрсағұлов пен Арнольд Кнауб ковид салдарынан ойынға шыға алмайды. Бас бапкер олардың орнына оқу-жаттығу жиынына толық қатысқан «Атырау» командасының ойыншысы Ерсұлтан Сағындықовты шақырды. Ол келесі кездесуде ғана көмекке келе алады. Шыңғыс Есенаманов пен Альберт Ақбалықовтың да сырқаты бар. Алайда, олар бүгінгі ойынға қатысуы мүмкін. Қазақстандық футзалшылар бүгін Словениямен шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

196 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *