Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Қаңтар, 2022

Францияда бір тәулікте 465 мың адам коронавирус жұқтырды

Францияда бір күнде 465 мың адам коронавирус жұқтырды. Бірақ бұл дерттің шарықтау шегіне жетті деген сөз емес.

Олар науқастардың тым көбеюін эпидемияның екі толқыны қатар келді деп түсіндіреді. Яғни, Францияға Дельта өзге елдерге қарағанда кештеу, ал омикрон ерте жеткен. Бірақ Францияда ауырдым деген жұрт жаппай ауруханаға ағылып жатқан жоқ. Қайта, кейінгі аптада жансақтау бөліміндегі науқастар қатары 15 процентке азайған. Бұл дельтадан көрі жеңілдеу өтетін омикронға және халықты вакциналау деңгейінің жоғары болуымен байланысты, - дейді мамандар.
Бүгінге дейін Франция азаматтарының 78 процентке жуығы екпенің екі дозасын да алған. Қазір белсенді түрде бустерлік вакцина салдырып жатыр.

Габриэль Аттал, Франция үкіметінің ресми өкілі: – Егер біз ең қиын жағдайды еңсеріп шыққан болсақ – ол, әрине, вакцинаның арқасы. Франция денсаулық сақтау агенттігінің мәліметі бойынша, бүгінде вирус жұқтырғандарды жансақтау бөліміне жатқызу көрсеткіші 2021 жылдың наурызына қарағанда 15 есе төмен.  Бұл – халықты вакциналау ісінің арқасы. Экономикалық талдау кеңесінің соңғы зерттеуі бойынша вакцина алғандардың 13%-ке артуы 4 мың адамның өлімі мен көптеген кісінің ауруханаға түсуінің алдын алған.

24.kz

941 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз