Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қаңтар, 2022

Б. Сағынтаев ковидтік стационарлардың дайындығын тексерді

Алматыда омикрон штамының таралуына байланысты коронавирус инфекциясы дертінің өскені байқалады. Осыған байланысты қала әкімі жұмыс сапары барысында инфекциялық стационарлардың қосымша төсек-орындарды орналастыруға дайындығын тексерді.

Бақытжан Сағынтаев РВ-90 И. Жекенова атындағы Жұқпалы аурулар ауруханасының филиалына барды. Бүгінде мұнда КВИ-мен ауыратын 199 пациент бар, оның ішінде 21-і ЖИТБ-те. Стационардың жалпы қуаты – 500 төсек, оның ішінде 45 төсек реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде.

Сондай-ақ, қала әкімі Орталық қалалық клиникалық ауруханада және №7 ҚКА-да КВИ бар науқастарды қабылдауға дайындығымен танысты. Бас дәрігерлер ковидтік бөлімшелердің жұмысы жалпы медициналық көмек көрсетумен қатар жүргізілетінін хабарлады.

20 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияның 2 057 жағдайы тіркелген, оның ішінде 1 866 симптомды жағдай. Инфекциялық стационарларда 1 350 пациент, оның ішінде 187 бала бар. ЖИТБ-те – 71 науқас.

Жалпы, ковидтік стационарлардың қуаты 9 340 төсек-орынды құрайды, оның ішінде 730 реанимациялық орын. Бүгінде 3 310 орын қолданыста, резервте 6 030 орын бар.

Б. Сағынтаевқа ОҚКА базасында ашылған телемедицина орталығының жұмысы туралы баяндалды. ТМО мамандарының бақылауында 10 188 пациент бар. Бұл сан ағымдағы жылдың 1-20 қаңтар аралығында 20 есе өсті. Орташа алғанда, пациенттерге шамамен 5 мың қоңырау шалынады. 20 қаңтарда 8 458 қоңырау соғылды, оның барысында науқастың жағдайы сұралып, КВИ емдеу бойынша ұсынымдар беріледі.

Қала әкімі сондай-ақ №7 аурухана базасында орналасқан КВИ-ға қарсы вакциналардың қалалық қоймасына барды. Қоймадағы және егу пункттеріндегі I және II компонентті вакциналардың қалдығы «Синофарм» вакцинасының 207 733 дозасын, «КазВак» вакцинасының 176 349 дозасын, Pfizer 254 782 дозасын құрайды. Б. Сағынтаев халықты КВИ-ге қарсы екпе алуға, сондай-ақ ревакцинациядан өтуге шақырды. 

 

587 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз