Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қаңтар, 2022

Мемлекет басшысы: Сот жүйесін жаңғырту – маңызды мәселе

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде Жоғарғы Сот кеңесін және Жоғарғы Соттан судьялар корпусын жаңарту жұмысын белсенді жүргізу керектігін атап өтті.

Мемлекет басшысының пікірінше, бірінші – жеке меншікке қол сұқпау. Бұл мәселеде ашық әрі әділ сот кепіл болуы тиіс.

Сот жүйесін жаңғырту – маңызды мәселе. Біз тиісті шараларды, соның ішінде заңнамалық тұрғыдағы шараларды қабылдадық. Соттарға құқықтың әртүрлі салаларынан, оның ішінде корпоративтік сектордан жаңа мамандар тартылуда. Осының негізінде Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі жаңа сот алқасы құрылды. Сот ісіне мықты корпоративтік заңгерлер мен адвокаттардың тартылуы, әсіресе, өңірлерде инвесторлар мен бизнесмендердің мүдделерін сапалы қорғауын мейлінше қамтамасыз етеді. Жоғарғы Сот кеңесін және Жоғарғы Соттан судьялар корпусын жаңарту жұмысын белсенді жүргізуді сұраймын, – деді Президент. 
 

722 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз