- Шартарап
- 22 Қаңтар, 2022
Өзбекстан Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандырады

Арал теңізінің құрғаған табанына көшет егіледі. Өзбекстанның орман шаруашылығы комитеті Қарақалпақстан, Бұхара, Науаи және Хорезм әкімдіктерімен бірлесіп, жергілікті бюджет есебінен осы істі атқарады.
Елдің министрлер кабинеті Аралдың экологиялық мәселесін реттеуге арналған 2022-2026 жылдар жоспарын дайындады.
Мұндай шаруа Қазақстан тарапынан да жасалып жатыр. Енді ауқымды міндетке өзбекстандық ғалымдар атсалысады. Олар қай жерге қандай өсімдік егу керектігін анықтайды. Әзірге теңіздің Өзбекстан жағында орман шаруашылығына қолайлы аумақтар белгіленбеген. Жоспар бойынша жыл сайын 10-шы желтоқсанда ғалымдар тиісті зерттеу нәтижесін ұсынып отырады.
24.kz

359 рет
көрсетілді1
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Quentin Veiga
25 Қаңтар, 2022If you ever need more social audience for kazgazeta.kz, we can run Facebook Traffic campaigns with this service: https://www.seo-treff.de/product/country-targeted-traffic/