Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қаңтар, 2022

Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов Ирак Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Тұматов Ирак Республикасының Президенті Бархам Салихке оны мемлекетіміздің Бағдадтағы Елшісі  қызметін қоса атқарушы ретінде аккредиттейтін сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы kazgazeta.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Салтанатты рәсімнен кейін болған екіжақты кездесу барысында екі ел арасындағы түрлі салалардағы өзара тиімді серіктестіктің қазіргі жағдайы және оны одан әрі дамытудың өзекті аспектілері талқыланды. Сондай-ақ биылғы жылы 12-13 қазанда Қазақстанда өтетін АӨСШК 6-шы Саммитіне дайындық барысы қарастырылды.

Бұдан бір күн бұрын Ирак Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Салех әл-Тамимимен кездесу өтті. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді әрекеттердің жаңа бағыттарын белгіледі.

Сондай-ақ, отандық дипломат Ирак үкіметіне «Русафа» гуманитарлық операциясы аясында қазақстандық балаларды елге қайтаруға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін тағы да алғысын білдірді. Осы тұрғыда қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру саласындағы өзара іс-қимылдың, соның ішінде тиісті құқықтық негізді нығайту арқылы, жаңа тәсілдері талқыланды.

Аталмыш кездесулер барысында Ирак тарапы Қазақстанмен көп қырлы ынтымақтастық одан әрі дамыту мен тереңдетуге мүдделі екенін растады.

475 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз