Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қаңтар, 2022

“Қазақстан халқына” қоры туралы: қайырымдылық пен салықты шатастырмау керек -Б.Жәмішев

«Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев жаңадан құрылған қайырымдылық ұйымының қызметін сынап, күмәнмен қараушыларға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қор жұмысына қатысты «бизнеске қосымша салық салудың бір түрі» деген қауесет тарап жатыр. Осыған орай айтарым, бұл - салық емес, әр адам мен мекеменің өз еркімен жасалатын қайырымдылық шарасы. Бүгінде біздің қорға ірі бизнес өкілдері мен ірі кәсіпорындардан қаржы түсіп жатыр», - деді Болат Жәмішев ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Қор басшысының айтуынша, салық пен қайырымдылық жасауды шатастырмау қажет. 

«Қазіргі уақытта көптеген бизнес өкілдері түрлі қайырымдылықпен айналысып жатыр. Олар қайырымдылық шарасын одан әрі жалғастырады деген ойдамын. Біздің қордың жұмысына жүктеліп отырған жүк жауапты. Және қорға жеке қаражатын бөлген азаматтарға оның қайда, қалай жұмсалып жатқанын білу де маңызды болса керек. Түскен қаражатты тиісті бағытқа жұмсау, қор жұмысын оңтайландыра түсетіні рас. Біз осы тұста қор демеушілерінің кеңесін құруды жоспарлап отырмыз. Аталған кеңесте қордың жұмыс стратегиясы әзірленетін болады», - дейді ол.

591 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз