Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 25 Қаңтар, 2022

«Ақсу» бірден екі ойыншымен келісімшарт жасасты

Қазақстандық футболшылар Ғафуржан Сүйімбаев пен Еркебұлан Тұңғышбаев «Ақсу» командасына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жақында экс-капитан әрі қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаев алматылық «Қайраттан» кетті, онда ол 149 матч өткізіп, 12 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген болатын.

Сондай-ақ кеше Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев Түркияда жиын өткізіп жатқан «Тұран» сапынан кеткені белгілі болды. Ол Қазақстан құрамасы сапында 11 кездесу өткізіп, бір гол соққан болатын.

 

809 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз