Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 25 Қаңтар, 2022

Жамбыл облысы: Үздік спортшыларға пәтер кілті табысталды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов пен жүзуден паралимпиаданың қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиға 1 бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Өңір басшысы мемлекет тарапынан дене шынықтыру мен спортты белсенді түрде дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқандығын атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әр уақытта спортты, күресті қолдаймыз. Спорт қолдау тапса, саңлақтар шыңдалып, ел абыройын көтереді. Бүгінде жамбылдықтар өзінің спорттық жетістіктерімен ауыз толтырып мақтана алады. Әулиеата өңірінен осы күнге дейін атағы алысқа тараған чемпиондар мен рекордтарды жаңартқан шоқтығы биік талай спортшылар шыққан. Жерлестеріміз түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына сәттілік тілей отырып, Қазақстанның спортын одан әрі биік шыңдарға көтере берулеріңізді тілеймін,  - деді Б.Сапарбаев.

Өз кезегінде спортшылар мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға алғыстарын білдіріп, еліміз бен облысымыздың спортын жаңа белеске шығаруға аянбай тер төгетіндіктерін жеткізді.

- Пәтер сыйлап, қолдау білдіріп жатқан аймақ басшысына алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріну үшін барымды салатын боламын. Бүгін Алматы қаласына барып, арнайы тексерістен өтемін. Содан соң, Қырғызстанның Шопан ата қаласында оқу жаттығу жиынын өткізіп, биылғы жылы өтетін Азия ойындарында, алдағы Әлем біріншілігінде үздік атануға күш жұмсаймын, - деді Н.Жұмағали.

Айта кетейік, қос спортшыға сыйға берілген 15 мөлтек ауданындағы тұрғын үйдің құрылысын «Ернұржан-құрылыс» және «Тараз-Ісмер» мердігер компаниялары жүргізген.

248 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *