Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Қаңтар, 2022

Алматы облысында 1077 адам ауруханада коронавирустан емделіп жатыр

Алматы облысында 1077 адам ауруханада коронавирустан емделіп жатыр. 26 қаңтарда 147 адам емдеу мекемесіне түскен.

«Соңғы тәулікте КВИ-дың 265 жағдайы тіркелді. Оның ішінде: 14 жасқа дейінгі балалар – 43, оқушылар арасында – 27 жағдай, студенттер арасында – 2 жағдай, мұғалімдер арасында – 9 жағдай және күштік құрылымдары арасында – 2 жағдай.

Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ сырқаттанушылығы: Балқаш – 9, Еңбекшіқазақ – 12, Ескелді – 7, Жамбыл – 15, Іле – 19, Қарасай – 25, Қаратал – 14, Кеген – 1, Кербұлақ – 6, Көксу – 17, Панфилов – 5, Талғар – 56, Ұйғыр – 23, Талдықорған – 47, Текелі – 5, Қапшағай қаласында 4 адамнан індет анықталды», - делінген Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысы «қызыл» аймақта орналасқан. Бүгінге дейін облыста КВИ-дің зертханалық расталған 63 280 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 47 864 жағдай симптомдарымен. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2902,9 құрады.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,5% - дан 0,7% - ға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл - 1,4%, Балқаш – 1,0%, Қарасай – 1,0%, Кербұлақ – 1,1%, Райымбек – 1,0%, Сарқан-1,0%, Ұйғыр – 0,9%, Кеген - 1,0% аудандарында байқалады.

656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз