Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 26 Қаңтар, 2022

Мұхтар Тілеуберді Пәкістанның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Пәкістан тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Макдум Шах Махмуд Курешимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ екі елдің халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.
Министр М.Тілеуберді Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына Пәкістанның алдағы төрағалық етуін Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізіп, аталған іс-шараға өзінің қатысатынын растады.

805 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз