Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 27 Қаңтар, 2022

Жек көру сезімінен арылуға бола ма?

Кейде біз біреуді себепсізден себепсіз жақтырмаймыз. Неліктен деген сұраққа психологтар өзіңе ұқсайтын адамды көргенде тыжырынасың деп жауап береді.

1.  Біз өзіміздің мінімізді өзгеден көргенде сол адамды ұнатпай қаламыз. Дәлірегі біз өз жағымсыз қылығымызды қабылдағымыз, мойындағымыз келмейді. Ал бойымызда жоқ қасиетті немесе мінезді басқадан көргенде оған мән бермейміз. Тіпті ол адамға назар да салмаймыз.

2. Айналамыздағы адамдар біз күткендей болмай шығады. Әсіресе жақын адамдарымыз. Біз ет жақын адамдарымызды өзімсінеміз де, оларға талапты да өте жоғары қоямыз. Бірақ олардың да өз арман-мақсаттары бар емес пе? Олар бізді бақытты етуге міндетті де емес қой... Бақытты ете де алмайды.

3. Бізді басқалардың жетістіктері  ызаландырады. Неге? Себебі, біз өзіміздің осал тұстарымызды, табысты адамдардың мықты қасиеттерімен салыстырамыз. Бұны бала кезімізден ата-анамыз, ұстаздарымыз, қоғамымыз миымызға сіңіріп тастаған. Олар әлдебір жарыстар ұйымдастырып, озып келгенді марапаттап, өзгеден жоғары қойып, ал қабілеті жеңімпаз баладан төмен немесе басқа бір нәрсеге қабілетті баланы төменшіктетіп, тіпті жеке тұлға (индивид) екенін ұмыттырып тастаған. 

4. Біз материалдық құндылықтарды бағалап, ақшаға сатып алатын заттарды барынша әспеттеп, ал рухани құндылықтарды мүлде бағаламаймыз. Адамгершілік қасиет, шынайы қарым-қатынас, адам болып қалу деген ақша да керек етпейтін, тіпті тер төгіп әуре болмайтын ғажап құндылық емес пе?! Біз қымбат дүниені жақсы көреміз. Бақуатты адамдарға табынамыз. Адамдарды жансыз зат деңгейіне түсіріп жібергенбіз. 

5. Біз бүгінгі күнмен өмір сүрмейміз. Өткенімізге қиналып, болашағымызға алаңдаймыз. Дәл қазіргі сәттегі қуанатын оқиғаға шын қуанып, бір-бірімізді шын сүйіп, сыйлап, бағалаудың орнына, өткен шақтағы жағымсыз оқиғаларды ойлап, келешекті уайымдап-ақ өмірді мәнсіз етеміз. 

6. Біз қалыптастырған қоғам осындай. Бұны өзгерту үшін алдымен әркім өзін өзгерту керек. Қоғамның өзгеруіне әр адам жауапты. Яғни, әрқайсысымыз өзімізді өзгерту арқылы қоғамды бірге өзгертеміз. Құндылықтар да өзгереді.

Бұдан шығар қорытынды не? 

1. Өзін ұнатпау және өзін қабылдамау басқаларды ұнатпауды тудырады, өйткені айналадағы дүние тек ішкі дүниенің көрінісі ғана. 

2. Жағымсыз эмоциялар арқылы өз өмірімізді өзіміз қиындатамыз.

3. Біреуге ашулану, ызалану, жек көру арқылы жеңілеміз. Яғни, ол адамның өмірімізге әсер ете алатынын  ойымыз арқылы Жаратқанға жолдаймыз. Ал Жаратқан не ойлаймыз, ойымызға сай жауап береді.

Енді не істеу керек?

1. Біз ешқашан бір жаратылыс екенімізді ұмытпауымыз керек. Біреу арқылы жеңіске жетуге болмайды, бірақ бірлесе, біріге жеңіске жету мүмкін. Бұл өмірге келген әр адамның өз мақсат-міндеті бар. Ешкім сіздің мәселеңізді шешіп беруге міндетті емес.

2. Өзіңді қандайсың, сол қалпыңда жақсы көруге міндеттісің. Өзіңді біреумен салыстыруды доғару керек. Бойыңдағы жақсы қасиеттеріңді қалай жақсы көресің, дәл солай жағымсыз қылықтарыңды да жақсы көруге тиіссің. Өзіңді жақсы көре бастаған сәттен бастап, айналаңдағы адамдарды да сол болмысымен жақсы көре бастайсың.

3. Өміріміздегі барлық адамдар үшін жауапкершілік жүгін алуымыз керек. Өмір жолымызда кездескен әрбір адам біздің әлемге деген қарым-қатынасымыздың айнасы ғана. 

4. Біз басқа біреудің мінез-құлқына қалай жауап қайырсақ та  өзіміз білеміз. Ренжіткен адамға ашулану керек пе, мақтаған адамға қуану керек пе бұл рефлекторлы құбылыс десек те, сезімдерді басқара білуіміз керек. 

 

Дипак Чопра, «Семь Духовных Законов Успеха» еңбегінен

2058 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз