Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 27 Қаңтар, 2022

Еркін Тұқымов ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болды

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Бұған дейін Қ.Тоқаев Зарема Каукенқызы Шаукенованы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметінен босатқан болатын.

Еркін Тұқымов 1973 жылы Өзбекстанда, Терміз қаласында туған. 1997 жылы Варшама халықаралық қатынастар институтын үздік бітіріп, 2004 жылы ҚР Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының аспирантурасын тамамдады.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сыртқы саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері ретінде бастады. 2000-2005 жылдары ҚСЗИ сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі. 2005-2007 жылдары Орталық Азия демократияны дамыту қорының бас директоры болды. 2007-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының стратегиялық халықаралық ықпалдастық секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2008 жылдың маусымында ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары, кейіннен департамент директоры болды. 2010 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі болды. Қазақстанның Қазандағы бас консулы лауазымына 2018 жылы тағайындалды. 2019 жылы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-елшісі болды. Дипломатиялық дәрежесі - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ІІ сыныпты кеңесшісі.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.


 

573 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз