Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қаңтар, 2022

Марат Төлебаев елорда Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Марат Төлебаев тағайындалды.

Бүгін ІІМ басшысы оны жеке құрамға таныстырды. Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Саденов ҚР Президентінің Өкімімен жақында Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Министр Ержан Саденовтың басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша оң нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтіп, атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді.

 

549 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз