Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қаңтар, 2022

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды, оның ішінде 14 бала бар.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 26 қаңтарда сағат 22:10-да Көкшетау қаласының «Центральный» шағынауданындағы 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы қоңырау шалынған.

«Шақыру орнына ТЖД жеке құрамынан 20 адам және 4 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер арнайы баспалдақтың көмегімен 35 адамды эвакуациялады, оның ішінде 14 бала бар», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі атап өткендей, құтқару жұмыстарына Көкшетау қалалық ПБ-ның «Әскер-5», «Әскер-8» және «Жаяу патруль - 882» патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тартылды.

Олар пәтер ішінде қалған мүмкіндігі шектеулі тұрғынды сыртқа алып шықты.

 

148 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *