Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қаңтар, 2022

Үкімет отырысында балалар жылына арналған шаралар талқыланады

Балалар жылына арналған іс-шаралар Үкімет отырысында талқыланады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Ералы Тоғжанов айтты.

«Білім беру жүйесіндегі барлық жұмыс, барлық қабылданған іс-шара оқушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделеріне бағытталуы тиіс. Барлық құжаттың астарында балалардың келешегі тұруы керек. Әсіресе, 2022 жыл - Балалар жылы. Бұл - Мемлекет басшысының тікелей бастамасы. Біз балалар жылының мазмұнын маңызды іс-шаралармен толтыруға тиіспіз», - деді Үкімет басшысының орынбасары Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Үкімет басшысының орынбасары әсіресе, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, балалар үйлерінің тәрбиеленшілеріне, мүгедек балаларға қамқорлық жасаудың маңызы өте зор екендігін баса айтты.

«Сондықтан осы бағыттағы халықаралық тәжірибенің барлығын тағы да зерттеуді тапсырамыз. Бұл бағытта алдымызда біраз міндет тұр. Өздеріңізге белгілі, Балалар жылын өткізуге арналған жұмыстарды ұйымдастыру басталды. Сондықтан осы ретте іске асырылатын нақты іс-шараларды Үкіметтің отырысында арнайы талқылайтын боламыз. Мұның бәрі өте маңызды», - деді Ералы Тоғжанов.

 

746 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз