Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қаңтар, 2022

ҚР ҰҚК экс-төрағасының ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде

 ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» белгісімен тергелуде.

«Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, аталған сотқа дейінгі тергеудің жариялануға жатпайтындығын комитеттен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) растады», - делінген Almatyapat Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

«К.Мәсімов пен Ә.Садықұловқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Д.Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз